24.07.2022
109
СЕНІ ІЗДЕДІМ
Сені іздедім –
Сайрауық құстардың қанатынан,
Саз төккен сырнайлар санатынан.
Балауса гүлдердің дірілінен,
Барша әлемнің барлық тарапынан.
Тебіреніп алады теңіз демін –
Толқынымен жасырып жер іздерін.
Көк теңізден көзімді алыс тастап,
Сені іздегім келеді,
Сені іздедім.
Мен сені іздедім –
Көкірегімнен төгілген лағыл-әндерден,
Жарқылдақ, өткір жырлардан жаныма келген.
Омырауыма самал толтырып, өзіңді, қалқам,
Осынау жұмыр жүрекпен сағына бергем.
Өзіңді таппай,
Жыр айдынында жүзбейді өлеңім,
«Қосылмайтұғын Қозы-Баяндар біздей» дер едім.
Күңіреніп жаным, көзімнен моншақтар ыршып,
Күлге айналып кеткенше іздей беремін.
Тек қана сені іздеймін.