24.07.2022
  93


Автор: Рахат Қосбармақ

Естіртуші үнінен:

Естіртуші үнінен:
«Бекем болың!..» деп келген;
Әкем өлген күні мен
Хабаршыны жек көргем.
Шошып ажал түрінен:
«Әкең өлді!..» деп келген;
Әкем өлген күні мен
Сүйекшіні жек көргем.
Жарқын жаздың түнінен
Қайғы толы леп келген.
Әкем өлген күні мен
Қара түнді жек көргем.
Тұңғыш рет шынымен
Бастан қайғы өткергем.
Әкем өлген күні мен
Өзімді-өзім жек көргем.
Жаймашуақ күнім ең,
Қасірет-мұң дөп келген.
Әкем өлген күні мен
Өмірді де жек көргем.





Пікір жазу