24.07.2022
  170


Автор: Рахат Қосбармақ

САҒЫНУ

Сағынам сені –
Самала жырлар жарқырай жанып жанымда,
Сарқырамалар сарқырай ағып қанымда.
Сағынам сені, осынау Нұрлы Дүние,
Сағынбай, сірә, тіршілік бар ма дарынға?!
Сағынам сені –
Самалдар өбіп, жүзіме ессе жылы дем,
Саздарым өніп жүректің терең түбінен.
Сағынам сені,
Сағынған сені сәттерде
Сары айшық өрнек туарын сонда біліп ем.
Сағынам сені –
Сарғайып атқан бозала бояу таңдарда,
Сағынар, сірә, өзіңді мендей жан бар ма?!
Сағынам сені, осынау Нұрлы Дүние,
Сағынышым менің айналып мәңгі Арманға.





Пікір жазу