24.07.2022
  97


Автор: Темір МЫҢЖАС

Өтсе де жылдар арада...

Өтсе де жылдар арада,
Бейнеңіз қалды санада.
Уақыттың өзі бас иді-ау,
Өзіңдей дара данаға!..
Атағы жеткен алысқа,
Сыныққа сіздей жоқ ұста.
Қазақ пен түрікпен, өзбегің,
Шипаңды көрді орыс та.
Шын емшілікті ұғынды,
Сіз десе халық шұбырды,
Қиналғандарға дем беріп,
Жарқырай төктің нұрыңды.
Халықтан алғыс, бата алдың,
Таң болып Сіздей атар кім!?
Біртуар халық емшісі,
Сынықтың пірі атандың.
Сырғумен талай өтті күн,
Фәниде жанға жоқ тыным.
Байқалып жиі қалады
Өзіңнің Әке жоқтығың.
Ұрпақты өттің мәпелеп,
Бас идік ұлы Әке деп.
Қанатбай деген атыңыз
Келеді алға жетелеп...
Дес бермей уақыт-ағынға,
Айналдың бүгін аңызға.
Қаншама жылдар өтсе де
Бейнеңіз елдің жадында!.





Пікір жазу