24.07.2022
139
АҚ КЕМЕДЕГІ АРУ ҚЫЗ
Әні: Жалғас Кеңесовтікі
Ақ кемеде ару көрдім ай жүзді,
Жарқ еткенде, жанарында таң күлді.
Қарағанда ғашық еткен сол бір қыз,
Талай жанның жүрек отын жандырды.
Қайырмасы:
Кемедегі ару қыз,
От болсаңыз, жалынбыз.
Шырқасаңыз, әнің – біз,
Басыңдағы бағыңбыз.
Көкірекке көктем еніп, жаз күлді,
Жиып берем әлемдегі бар гүлді.
Ақ кемеде арман болған аруым,
Саған ғана арнап өтем ән-жырды.
Қайырмасы.
Айдай көркің мейірімді қандырды,
Бақыт көрем кездестірген тағдырды.
Біз – жолаушы, сен – шамшырақ шақырған,
Ақ кеменің ару қызы ай жүзді.
Қайырмасы.