24.07.2022
  187


Автор: Темір МЫҢЖАС

Көңілімнің қалғаны-ай құлазып-ақ...

Көңілімнің қалғаны-ай құлазып-ақ,
От жақпаған үй дерсің – тұр азынап.
Осындайда бір адам табылсайшы
Қаузайтындай жаныңды біразырақ...
Кетті-ау, бәрі сауғалап қара басын,
Тірлік үшін жүгіріп, жағаласып.
Жоқшылықта талайлар қашты менен,
Танымайтын жанға ұқсап, араны ашып...
Ойласаң, қалады екен жаның жасып,
Баршамен жүрген қандай араласып?
Кел дағы, көңілімді қаузап жібер,
Кетсінші менен құрғыр нала қашып...





Пікір жазу