24.07.2022
  75


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚОЛ БҰДҒАП ШЫҚ...

Қиналдым-ау, жан таппай сыр ашатын,
Қимастығым ғұмырға ұласатын.
Қуанғанда қос жүрек бірге соғып,
Қайғырғанда қосыла жыласатын.
Кейбіреуге сырымды айтып, налып,
Жүруші едім, танытты тәйтік қалып.
Түсінетін жан жоқтай, жұрттың бәрі
Қарабай боп, кеткендей Жантықталып.
Өшпейтіндей дақ салып, опындырып,
Кей жігітің көрсетті қатын қылық,
Жарасатын жан таппай, жан-жүрегім,
Көштен қалған күшіктей жатыр ұлып.
Шабыттансам жырымның басы-уайым
Тұнжыр көгім күтеді ғашық айын,
Көкжиекше алдымнан қол бұлғап шық,
Бұлтты түрген күнге ұқсап асығайын..





Пікір жазу