24.07.2022
  106


Автор: Темір МЫҢЖАС

АДАМДАР, АРАЛАСЫҢДАР!

Шайтан дер:
“Араны ашыңдар,
Ұрыс сап,
Жағаласыңдар,”
Сенсеңдер,
Оң аларсыңдар,
Өлсеңдер,
Жоғаларсыңдар.
Ал сендер
Араласыңдар!
Өмірге адам келуде,
Төбеңнен ажал төнуде.
Тірлікте асығып қал
Адамға қолды беруге.
Бай екен,
Жоқ екен деме,
Нар екен,
Қор екен деме,
Тірлікте сен жүзген кеме
Батпасын, иықпен деме.
Қартайсаң,
Жоғалар күшің,
Ортайсаң,
Оңалармысың?
Дүниеден озады
Әркім...
Кеткен соң
Таба алармысың?
Адамдар, араласыңдар!
Адамдар, араласыңдар!





Пікір жазу