meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.07.2022
  198


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚЫРКҮЙЕК

Ақ жаңбыр сіркіреп,
Көк аспан күркіреп
Жатса да,
Кетпейді қыр түлеп.
Мамыра жаз қашты,
Далада – қыркүйек.
Сал самал аңқылдап,
Қарғалар қарқылдап,
Таң атса-ақ, қоңыр кеш,
Жетеді алқымдап.
Су суып ақ таңнан,
Жасыл бақ шоқтанған,
Жидектің шырыны сорғалап,
Қайысқан дастархан.
Сары ала қырат-бел,
Кейде жаз,
Кейде күз сияқты.
Құбылма,
Ауа жоқ тұрақты.
Түн-ызғар,
Талтүс шуақты.
Құс қайтып дүркіреп,
Таң атар нұр күреп,
Мен туған ай осы –
Сары алтын қыркүйек!





Пікір жазу