24.07.2022
162
ЗАМАНДАСҚА
Ей, замандас, сен мені білесің бе?
Болмысыма өзің біл күлесің бе,
Жан-жүрегім адам боп жаралғалы
Жамандық атаулымен күресуде.
Өтірікпен, өсекпен, жаламенен,
Ар-намысқа жағылған қараменен
Күресуде баураған наламенен,
Рухсыздық жайлаған санаменен.
Сүйеніп халық деген ұлы есімге,
Құлшынамын түнекті күн етуге,
Жұдырықтай жүрегім бар адамға
Махаббатты кеудеме түнетуде.
Замандасым, сен соны білесің бе?
Көкірегімде саған да гүл өсуде.
Мен кетсем де артымда жырым қалсын
Жамандықпен жарайтын күресуге.