24.07.2022
218
ҚАДІРЛЕҢДЕР, АНАНЫ
Қадірлеңдер,
Аялаңдар Ананы,
Суланбасын ғазиз жанның жанары.
Сүйінетін,
Күйінетін бала үшін
Барометр ананың да қабағы.
Теңе мейлі
Данаға да дараға,
Жетпейді ешкім ақ пейілді Анаға!
Тек ана ғой...
Тек ана ғой, білгенге
Бауыр етін кесіп берер балаға.
Ержеткен соң,
Билеп түрлі санаңды ой,
Әр қиянға саларсың да қадамды-ай,
Кім болсаң да
Бірақ түптің түбінде
Шын қамқорың табылмайды Анаңдай.
Өмір-өзен,
Ілесерсің ағынға,
Бал күндерің айналар-ау сағымға.
Бар кезінде
Қадірін де білмессің,
Анаң мәңгі жүретіндей жаныңда.
Ол бар кезде
Перзентінің таңы нұр,
Күн бейнелі шуағынан жаны гүл.
Қадірлеңдер,
Аялаңдар Ананы,
Ондай жанды таба алмассың
Соны біл..!