24.07.2022
  1604


Автор: Темір МЫҢЖАС

БОЙТҰМАР

немесе ананы еске алу
Әні: Амангелді Сұлтанғалиевтікі
Арманшыл жүрек дүрсілдеп,
Жеткенде жасқа ой қуар.
“Құлыным аман жүрші”,- деп,
Анажан, тақтың бойтұмар.
Мойныма асып алқадай,
Ілестім уақыт көшіне.
Сілкілеп өмір жаңқадай
Сүйреді алға несібе.
Түсесің қазір жиі еске,
Ұғынғандаймын кеш біліп.
Жөнелер шақта келмеске
Кетіпсің тұмар тапсырып.
Өзіңсіз өтті сан жылдар,
Шығарсам естен кеш мені.
Бойтұмар маған қалдырмай
Жүре тұрғаның жақсы еді…





Пікір жазу