24.07.2022
  119


Автор: Темір МЫҢЖАС

ДОС ДЕСЕ...

Дос десе, жүрдім елжіреп,
Жанымның жағып алауын,
Өзімнен аса сендім көп,
Тапсам бір деумен қалауын.
Қорғадым, таяқ жесем де,
Сол үшін түстім жұлысқа.
Досымды сатып өсем деу,
Күнә деп білдім, бұрыс па?
Мұнымды айтпас бекер деп,
Бұрыннан мені білгендер.
Сүрмедім өмір лекерлеп,
Сыртымнан өсек үргенмен.
Суыды бүгін сезімім,
Сырымды ұғар дос таппай.
Жоғалтты ма әлде сенімін,
Адамның бәрі жалдаптай.
Маздаймын дағы сөнемін,
Қажытты ойдың ауыры,
Қайдасың, іздеп келемін,
Мәрт достықтың ауылы.
Шалқыған отым жанар ма?
Жас ақты-ау жүрек көзінен.
Жападан жалғыз аралда
Қалғандай кейде сезінем..





Пікір жазу