24.07.2022
130
Арайы таңның түнекке нұрын шашқандай...
Арайы таңның түнекке нұрын шашқандай,
Ақ жауын төгіп, қапырықты, шаңды басқандай
Көргеннен мені әзәзіл шайтан, сұмпайы
Айылын жиып, болады аулақ қашқандай.
Тірлігі күйкі, ойы пәс, құзғын ниеттер,
Жамандық қана тілейтін қара ниеттер,
Тайқиды менен, көзге түсуге жарамай
Қайда қашса да, нұр бейнем қоймай иектер.
Жымысқы қулық, сұмдықпен жаным жараспас,
Назарым түссе, төбе асқанмен ол, тау аспас,
Қызғаныштан қысас болған зымиянға
Білерім менің, құдайдың өзі қараспас.
Қашады менен бықсытып өсек күйттеген,
Жан-жүрегінде арамдық барлар титтеген.
Күнгейден ауған көлеңке сынды жоғалар
Қосақталып күйелі ағаш та итпенен...