24.07.2022
  154


Автор: Темір МЫҢЖАС

СҮЙГЕНІМЕ

Бір көргеннен мені өзіңе қараттың,
Жүрегіме қимас сезім ояттың.
Түнде түстен, күндіз естен кетпейсің,
Күннен –күнге ыстық тартып баратсың.
Қайырмасы:
Өтпеуін – ай сағаттың,
Жетпеуін – ай тағаттың.
Асығамын өзіңе,
Ару қызы қазақтың!
Шуағыңды жан-жүйеме тараттың,
Аңсаттырдың, минуттарды санаттың.
Өзіңді ойлап, сағыныштан сарғайдым,
Саған ылғи жетелейді абат түн.
Қайырмасы:
Өтпеуін – ай сағаттың,
Жетпеуін – ай тағаттың,
Асығамын өзіңе
Ару қызы қазақтың.
Нұрлы кеш пе, мейлі, жаңа таң атсын,
Әлемдегі бар сұлудан ғажапсың.
Жігіттерде болмас еді еш арман,
Қаракөзі сендей болса қазақтың.





Пікір жазу