meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.07.2022
  183


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҰМЫТ МЕНІ

Ұмыт мені, өтінем, звондама,
Тоғыспаймыз екеуміз бір арнаға.
Ұшқындаған сезімнен от шығады,
Қалсын бұл да аян боп бір Аллаға...
Кінәлама, есіңе ап жылама да,
Бір орында бұл уақыт тұра ала ма?
Ойлашы өзің, менде – күз, сенде – көктем,
Екеуі салтанатын құра ала ма?..
Ұмыт бәрін, қайтесің мұң арқалап,
Мұңлы болсаң, құстайсың сыңар қанат.
Көрген түстей көңілде елес қалсын,
Аласұрған жүрегің тынар әлі-ақ...





Пікір жазу