24.07.2022
  121


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚАРАҒЫМ

Сен маған мұнша неге көп қарадың?
Сынайыншы дегендей дөп қарадың.
Мен бір жан өз отына өзі жанған,
Зияным еш пендеге жоқ, қарағым.
Сөз болды сылаңдатып баптағаным,
Сыңсыттым жүрегімнің мақпал әнін.
Болғанмен сыртым қоңыр, ішім дүлей,
Кейпінде жүргеніммен тоқ баланың.
Қарадың қайта-қайта бізді барлай,
Өткердік біз де бастан кезді балдай.
Сезім – от, жанарыңмен шоқ лақтырма,
Жүрерсің жалынымды сөндіре алмай...





Пікір жазу