24.07.2022
110
КӨҢІЛ
Жеткізбейді ауылы құдашаның,
Жетем деп талай ой мен қыр асамын.
Алға қарай сүйреген беймәлім жол
Білмеймін маған қандай сыр ашарын...
Құдаша, артық туған жамалы айдан,
Ықыласымды қайтейін өзіңе ауған.
Саған деген көңілдің кіршігі жоқ
Мөлдірейді аспандай жаңа жауған.
Саған келем, жол жатыр белес-белес,
Бұл шақ та қалар бір күн болып елес.
Көңілі адамдардың жақын болса,
Қашықтық қандай болсын алыс емес...