24.07.2022
  86


Автор: Темір МЫҢЖАС

КӨП КҮТТІМ СӘУЛЕМ

Сағыныштан атқандай үміт таңы,
Келер-ау деп, көп күттім, күліп тағы,
Бірақ та сен келмедің, білмедің бе?
Мен өзіңсіз бір тұтқын құлыптағы.
Сенсіз менің таңдарым атпайтындай,
Атпайтындай, күндерім батпайтындай,
Асау көңіл сен жаққа алып ұшты,
Жүрегім де сені іздеп соқты-ай тынбай.
Күтем күздің ақ арай кештерінде.
Таудан самал сен болып ескенінде.
Жұлдыздармен сырласып сені күттім,
Айлы аспаннан ақша бұлт көшкенінде.
Күттім сені, сәулелі таңдарымнан,
Нұрлы алауға малынған бар маңымнан.
Сонадайдан қол бұлғап шақыратын
Гүл қаланың ақшамғы шамдарынан.
Жанымды тербей алмай бұлбұл әні,
Еркем-ау, сені күтіп жүрмін әлі.
Үмітімді үзбедім келер күннен,
Мен үшін тек сен ғана өмір сәні





Пікір жазу