24.07.2022
  155


Автор: Темір МЫҢЖАС

АҚТАУҒА

Теңізге қалған байланып,
Шағала сынды сазы мұң.
Өзіңе келдім айналып,
Ақтауым – алтын қазығым!
Ақ қалам – қонар тұғырым.
Құс болып ұшсам қонақтар.
Өзіңде өтіп ғұмырым,
Жазылар жаңа парақтар.
Кез келді сенде бақ сынар,
Салауат айтып өткенге.
Мендейлер сенде көп шығар,
Өзіңдей шаһар жоқ менде.





Пікір жазу