24.07.2022
247
МҰНАЙЛЫ МЕКЕН
Әні: Жалғас Кеңесовтікі
Еліне сыйлап кенін – бар асылын,
Көркі боп, Маңғыстаудай даласының,
Қанатын кеңге жайып жатыр қала,
Аққудай үйлер тауып жарасымын.
Қайырмасы:
Шырайлы мекен,
Мұнайлы өлкем.
Нұрлы да, жырлы,
Жаңаөзен, Жаңаөзен!..
Кеткен жоқ өткен жылдар өтеуі құр,
Халқымыз өлке даңқын көтеріп жүр.
Арттырған ел байлығын қай кезде де,
Рухы асқақтардың мекені бұл.
Қайырмасы:
Шырайлы мекен,
Мұнайлы өлкем.
Нұрлы да, жырлы,
Жаңаөзен, Жаңаөзен!..
Арқауы ерен ерлік дастанының,
Қайраты елге әйгі жастарының.
Желбіреп көк байрағым тұрған шақта,
Жұлдызы жарқырайды аспанының.
Қайырмасы.