24.07.2022
  102


Автор: Темір МЫҢЖАС

ШЫҢДАЛУЫМНЫҢ МЕКТЕБІ

Өзіңде қалып шалдуар шағым өтпелі,
Асыл арманның бүршігі сенде көктеді.
Құрыштай бекіп, қыран боп ұштым көгіңнен
Армысың, менің шыңдалуымның мектебі.
Талаптың атын мінгіздің бізге еншілеп,
Үгіліп езің, өзіңнен шықты ер түлеп.
Күрмеуі қиын тірлікте көрсек қағажу
Анадай бейне құшаққа тарттың сан сүйеп.
Зымырап жылдар тай басты бүгін ат ізін,
Түлектер сендік, сап түзей қалса-шеті ұзын.
Қандай күнде де шаңырағың тұрсын шайқалмай
Дарысын құт боп орданы бұзар отызың!
Тамыры бекіп, жапырағын сенде жайды өрен,
Жырласам сені теңіздей толқыр ойда өлең.
Түлесін сенде төменшік тартпас текті ұлдар,
Қуанта бергін осындай мерейтойменен!





Пікір жазу