24.07.2022
  129


Автор: Темір МЫҢЖАС

Киелім-ай, перзент тұттың мені де...

Киелім-ай, перзент тұттың мені де,
Жалқын күннің нұрын ектің өңіме.
Ұлы дала тектілігі сіңсін деп,
Тәй басқаннан салдың аптап, желіңе.
Көкірегіме шабыт құйдың, дем бердің,
Ауырғанда лебіңмен-ақ емделдім.
Арсыздыққа көңіл налып, мұңдансам
Саған сеніп, семсердейін сермелдім.
Біткенінше берген ғұмыр өтер күн,
Дей алам ба, ауырыңды көтердім.
Перзент тұттың, санға қостың, өсірдің
Парызымды мен қалайша өтермін?..
Соны ойласам, бір басыма жетер мұң,
Ғұмыр-әнге өзіңді арқау етермін.
Саған деген өшпес махаббатымды,
Ұрпағыма аманаттап кетермін...





Пікір жазу