24.07.2022
  147


Автор: Темір МЫҢЖАС

СҮЙЕМІН ҚАЗАҚСТАНДЫ

Қилы заманда көрсе де өктем нұсқауды,
Намысын ту ғып, таптаған қаскөй дұшпанды.
Бауырға басқан басынан бағы ұшқанды,
Сүйем мен Қазақстанды!
Сүйемін тілін тамылжыған да бал тамған,
Сүйемін ділін кесапатыңды қайтарған.
Сүйемін гүлін шұғылаға бөккен, жайқалған,
Сүйемін күнін қарайтын күліп әр таңнан.
Апайтөс тауын басында бұлттар аунаған,
Даласын сүйем көгінен ақ нұр саулаған.
Көкірегімде асылға балар жырым бар
Өзіне ғана арнаған!
Сүйемін көркем, керілген кербез қырларын,
Жұпар жусанын гүлзарлы бауға қимадым,
Тірлікте міне, төсінде жүрмін алшаңдап
Бақиға кетсем – құндағым!
Мерейі өссе, шарықтап көкке ұшқаным,
Ақсаумал ессе, сеземін өбіп, құшқанын,
Болашақтарға болаттай бекіп жол тартқан
Өзіңді мәңгі сүйемін, Қазақстаным!





Пікір жазу