24.07.2022
199
МАҢҒЫСТАУ
О баста, менің Ер бабам,
таңбасын өріп тасына,
Жеті жұрт көшкен жапанды
қимапты досы, қасына,
Білгендей міне, Маңғыстаумың шырақ болды лаулаған.
Пір Бекет жаққан бір шырақ,
Оғыланды таудың басына!
Табаның қара дария,
гүрілге толып өр кеудең,
құла дүзіңе жарқылдап,
ақ мәрмәр шаһар өң берген,
Тарта бер алға, Маңғыстау,
ғасырдың күйін тербеумен,
Болашағыңа бақ болған
Бабакөз алтын көмбеңмен!
Облыс болып орнығып,
отыздың шықтың өріне,
Әулиелі Маңғыстау
қасиет қонды төріңе
Алатау, Алтай, Арқаның
бәрі тәнті өзіңе,
Жұлдыз боп жандың бүгінде,
Тәуелсіз елдің көгіне!
Күндерге жеттің міне, енді,
көше алмас жұртың даңқыңнан,
Топырағың да киелі-ау,
жаралған дерсің алтыннан,
Сен дегенде, Маңғыстау,
шағала жүрек шарқ ұрған,
Төмендетпесін құдайым,
осынау асқақ қалпыңнан!