24.07.2022
  238


Автор: Темір МЫҢЖАС

ӘДЕБИЕТ

«Қазына,- деп кітап жинап жүргенің,
Ақша емес, қолға қалам ілгенің.
Заман өзге, кітап оқу қалды ғой,
Бар ма әлде, мұнан өге білгенің...»
Деді бір дос, ойын ашап айта алмай,
Көңілімді қабағымнан байқардай.
Қапелімде мұндай сауал күтпеп ем.
Тұра алмадым оған жауап қайтармай:
«Досым, саған бұлжайындане дейін,
Кітап десе, қол көрмейді көмейің.
Байлақ бітпес мендейлерге ол анық,
Мейлі тіпті оны шөпше егейін.
Ұлы Ғабит Мүсірепов бақиға,
Аттанарда қаламдасдос, жақынға
Сөз арнапты жатса дағы қиналып,
Ажал шіркін алған шақта тақымға.
«Үмітпенен, күреспенен, сеніммен,
Өтіп барам мен де мына өмірден.
Қуанышым, ренішім көп болды,
Уа, халқым, шыға алдам ба көңілден?..
Тәуелсізбіз, жаңа Қазақ еліміз,
Қазынаға бай, қасиетке ие жеріміз.
Күллі әлемнің ауды бізге назары
Күннен-күнге асқақтауда төріміз.
Бірақ, бірақ мейли ирани бақжаса,
Ғарышқа ұш, атағыңды самғата.
Ешқашан да ұлы болмас халқымыз
Әдебиеті өнері ұлы болмаса!..
Қарақтарым, ұмытпаңдар осыны,
Бірлік жоқ та келмес істің жосығы.
Қарға қыранға, мыс алтынға телінсе
Мұның бәрі алауыздық кесірі.
Шығарарда мені ақтық сапарға,
Тілегімді алыңыздар қаперге.
Жан сүйсінер бірлігіңіз болмаса
Қосылмайсыз ешқашан да қатарға...»
Осылай деп кеткен екен ұлы адам,
Алып тұлға, сөз інжуін құраған.
Әдебиеттің таза, мінсіз болуын
Тәңірінен жалбарынып сұраған.
Халқымызда жомарт күздей мәуелі,
Ақындар бар, Жаратқанның сыйы да.
Бірде дана, ұлы Мұхтар Әуезов
Қатысыпты үнді елінде жиынға.
Жер жаһаннан жиналыпты ғұламаң,
Мұндай алқа елдігіңді сынаған.
Жүзі нұрлы, кең маңдайлы Мұхаңа
Көп қарапты мәртебелібір адам.
Ұқсата алмай көріп-білген танысқа,
Қытайлыққа не түрікке, орысқа.
«Қай елденсіз,-деп сұрапты жақын кеп,
Мекеніңіз біздің жерден алыс па?»
Мұхаң да оны ілтипатпен қош алған,
Кезі жоқ-ты жауап таппай шаталған.
«Мен қазақпын,- депті оған күлімдеп,-
Елден келдім Қазақстан атанған».
Ал, әлгі адам тұрыпты да кідіріп,
«Білмедік біз»,- депті ойлана мүдіріп,
«Білмедік»,- деп қайталапты жақын кеп


Ал, жүзінде білсем деген бір үміт.
Мұхаң сонда бар дегендей айтарым,
Қазақтың бар аты әйгілі жайсаңын,
Санағандай тізіп бәрін атапты,
Хан мен биін, ақын, батыр, қайсарын.
Аталғанда аты Жамбыл бабаның,
Депті әлгі: «Уа, міне, жарадың!»
Ақын жырын жатқа оқыпты үндіше
Шабыттана, жарқ еткізіп жанарын.
«Айналайын, әруақты ерім-қара шал,
Артық емес, әулиеге баласам,-
Ұлы Мұхтар тебіреніпті теңіздей:-
Халық екенбіз біз де ерлікке таласар!»
Рухы асқақтың әрқашанда бағы асар,
Жамбыл бопты жат жерде де намыс-ар.
Қашаннан да халқын, жерін, Отанын
Ақындары басқа жұртқа танытар.
Осы бір жайт Мұхаңа ой салыпты,
«Біз қадірлей білдікпе?» деп алыпты.
Мол мұрасын қайта сүзіп ақынның
Жамбыл жайлы шығармалар жазыпты...
Жайым бөлек, қуларыңнан, ептіден,
Сүйекке біткен тапқан тәлім тектіден.
Содан болар ақша, байлық, мансапты
Дәреже емес,қолдың кірі деп білем.
Құрметтедім әдебиеттей өнерді,
Жан-жүрегім ләззатына бөленді.
Тұлпар жырдың тізгінінен айрылмай,
Асыл досқа айналдырдым өлеңді.
Әдебиетің-баға жетпес қазынаң,
Рухыңды намысыңды жаныған,
Әдебиетің театр, кино өнерің
Дүние жүзі сол арқылы таныған.
Халқымызға күні туды азаттың,
Артқа тастап небір түрін азаптың.
Білетінім, Қазақстан тұрғанда
Әдебиеті өрлей түсер Қазақтың!
Маған келсек, мұны дағы ал ұғып,
Жүрген емен атақ қуып, жанығып.
Болашақта іздеушілер болса егер
Біздің сөзде қалар бәлкім табылып...
Қажет болмас бұған көңіл зерегі,
Жазбаларым, дәуірімнің дерегі.
Адалдыққа, жақсылыққа үндейтін,
Қай кезде де керек ақын өлеңі!





Пікір жазу