24.07.2022
  84


Автор: Төлеген Жанғалиев

Кесірткенің құйрығындай жұлмалы...

Кесірткенің құйрығындай жұлмалы,
Жұлынады өмірімнің жылдары.
Шолтаң қағып бара жатқан бас, дене,
Бәрібірде уақыттың құрбаны.
Аз ба, көп пе, біраз ғұмыр жасадық,
Жатқан жоқпыз енді бүгін жасарып.
Қызық күндер, қалд-ау артта, шіркін-ай,
Қыз әкесі қуатұғын тас алып.
Әттең, жастық, шолақ па едің, мұншама,
Көбейтуге табылмады-ау бір шара.
Қызық күндер қайта келсе қашпас ем,
Қыз әкесі мылтық оқтап тұрса да.





Пікір жазу