24.07.2022
  118


Автор: Төлеген Жанғалиев

От-шашу

Қарауылдың барлық итін үргізіп,
Қара аспанды қарын құсап тілдіріп.
Тау-шыңдардың тас құлаған жаңғыртып,
Талма-түнде тарсылдады бір қызық.
Қызық аты – фейрберг – от шашу,
От емес-ау, уыс-уыс ақша ату.
Содан кейін той жасаған адамды,
Топырласып жан-жағынан мақтасу!
Қанағаты қара шай мен қара нан,
Баяғыдан бай бармағын жалаған.
Шырт ұйқыда жатқан кедей шошиды,
Моншақ жауып жатқандай боп моладан.
Қу өмір-ай, бірақ адам баласын,
Екі бөліп егестіріп қоятын.
Біреулердің бір жыл табар табысын,
Қас-қағымда жұтып жатыр қара түн…





Пікір жазу