24.07.2022
371
Апыр – ай, алпыс деген мына жас па?
Апыр –ай “алпыс” деген мына жас па?
“Ап” дегеннен түсірді – ау сүрәнәтқа.
Сүрініп – қабынады қайран жігер,
Сүйек – буын сырқырап, тұралатса!
Қашқан ұйқы қақпаны жиі ашады,
Тым ұзаққа созылып құба таңы.
Айсыз аспан төсінен аққан жұлдыз,
Жүдеп тұрған жүректі жылатады.
Қос төсек ортасынан қақ бөлінген,
Бүгінде бір – біріне қас көрінген.
Қамбар ата қайраты қайтқан қазір,
Қасқа бие жұлқынса тас тебінген.
Жарты ғасыр жасасқан болып бірге,
Шал – кемпірдің керегі шай үстінде.
Кәрі сағат отыз жыл төрге ілінген,
Кәдімгідей жетелер алыс күнге.
Алыс күннен не пайда жетелеткен,
Түс құсап түңілдіріп, кетер естен.
Жас иіспен жасарып, жалын атқан,
Қайран біздің шалдар – ай, кешегі өткен…