24.07.2022
  96


Автор: Төлеген Жанғалиев

Бір бүтінім қалмады...

Бір бүтінім қалмады,
Қолқап құсап қолдағы.
Бірі - өңештен тұтылды,
Бірі – тілден сорлады.
Қара судай қадірсіз,
Халқымыздың қаймағы,
Тапқанымыз осы ма,
Талап жетіп сондағы?!
Дұрыс тұрсаң “сопақсың”,
Бұрыс тұрсаң “опақсың”.
Марқайып кетсең “кесірсің”,
Шалқайып кетсең “шатақсың”.
Алдын алмай болмайды,
Аңдаусыз келер “апаттың”,
Тас атқанға ас атпай,
Ас атқанға тас аттым.
Намысын жоқтар кісі жоқ,
Наласы ауыр нақақтың.
Бойымды көрсең – сұңғақпын,
Ойымды көрсең – башақпын.
Шатастым – ау, шатастым…





Пікір жазу