24.07.2022
  80


Автор: Төлеген Жанғалиев

БЮРОКРАТ

Түк ұқпай отырса да, түк түсініп,
Өзінше әулиесіп,мықтысынып.
Қос үңгірін көрсетіп қоңқақ мұрын,
Ебдейсіз еріндері шырт түкіріп.
Кеудесін керіп артқа шалқалақтап,
Бұқа мойын бұғағы ол салақтап.
Шөккен түйе сияқты ыңыранып,
Әркімге әкіреңдеп, тарпа бас сап.
Бұл күнде бюрократ жүр жаныңда,
Жат оған ар-ұят та, иманың да .
Бір елдің бірлігін де осы бұзар,
Бір құмалақ түскендей бір қарынға.





Пікір жазу