24.07.2022
  70


Автор: Төлеген Жанғалиев

Жығылмай тұрған жығадай...

Жығылмай тұрған жығадай,
Елуге келді бір ағай
Өсіріп жұрты мақтады.
Өткенін тіпті сұрамай.
Елуге тарта ат мінді,
Атына кілем жаптырды.
Қой мінез қылды сөйтіп ел,
Қойына шапқан қасқырды.
Еліне берген қуатын,
Елуге толды бір ақын.
Туғаннан жалғыз, туыс жоқ,
Тұғырға алып шығатын.
Той қайда, оған тойламақ,
Отырды ол үйде ой қажап.
Жыртындап күліп, жын-пері,
Мазақ пен тозақ қаумалап.
Халықтың сөзін сөйлеген,
Мүлдесін елдің көздеген.
Сол ақын құсап солықтап,
Қаламын үйде кейде мен...





Пікір жазу