24.07.2022
  115


Автор: Төлеген Жанғалиев

АҚБАЛТА МЕН АҚЕДЕУ

Мақтанғандай-ақ, мақтанса,
Майырылмас қолда ақ балта.
Ақедеу жігіт жас талды,
Жапырып жатыр қас жанша.
«Көк талдың соңы – көп төл» деп,
Көкиді ақ тер, көк тер боп.
Долдантып мұны жіберген,
Домалап жатыр бос шөлмек…
Қылмыстан мынау кім танбақ,
Көзімді кетті мұң торлап.
Жер – ана шашын жетесіз,
Жатқандай жұлып бір талдап.
«Халыққа қандай қас қылдық,
Қашанда сая боп тұрдық».
Деп шулап дауыс салғандай,
Балапан талдар бас шұлғып.
Жамылмай көптен еш желек,
Жабыққан кәрі көк терек.
Кес-кестеп оны тұрғандай,
«Керексіз мені» кессе деп!
Қаттыға салмас балтасын,
Ол неге бұған шаршасын.
Отауға дайын тұратын,
Осындайлардан қорқасың…





Пікір жазу