24.07.2022
  108


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қу тірліктің қуысына тығылып...

Қу тірліктің қуысына тығылып,
Бірде күліп, бірде қатты күйініп.
Алдамшы өмір асық құрлы көрмеді-ау,
Алшы түссем, тәукі түс деп бұйырып!
Шік те түстім, кейде тіпті бүк түстім,
Алғы өмірден келмес енді түк күткім.
Айран едім ұйып тұрған тәп-тәтті,
Енді міне ерін тимес іркітпін





Пікір жазу