24.07.2022
  105


Автор: Төлеген Жанғалиев

АШЫНҒАН СОҢ ЖАЗАМЫН АЩЫ ЖЫРДЫ

Не дейін ыржалақтап күлген езге,
Не дейін құр мазақтап жүрген елге.
Түрі де, үні де әйел сияқтылар,
Шырылдап шығып алды мінбелерге.
Қамқорсып, қара халық көсемісіп,
Өзінше өзге мұңды көтерісіп.
Дәл қазір кердең басып жүргенменен,
Кездессе кедей асын кетер ішіп.
Түк көріп бұл өмірден жүрмегендей,
Тістеніп тырнақтан кір іздегендей.
Ақ иттей қаңғып, аңдып ел өсегін,
Ақ таңнан түн ауғанша үйге де енбей.
Міне жүр бір кездегі басшы-қартың,
Басшыларға деп қойып: «тақ құмарсың»,
Бақайынан келмейді басқа тағдыр,
Басын күмістетіп ап, астын алтын.
Көңілің көл түбіндей лай дерсің,
Ол қалай шындық іздеп, шырай көрсің,
Айтып, айтпай не керек, бұл ағайдың,
Жазасын жан шыққанда құдай берсін!





Пікір жазу