24.07.2022
121
Сауалнама
- Көп жазасыз неге, аға, ащы өлеңді?
- Оятайын деп жүрмін таскереңді.
- Жырыңызда неге ылғи мұң басымдау?
- Ақынға керек інім, сыр жасырмау.
- Осы Сіз көп сынайсыз басшыларды?
- Басшыдан басқа қандай «жақсы» қалды.
- Орден, медаль тақпапсыз төсіңізге?
- Оны алсақ безеу шығар бетімізге.
- «Компартия компасым» деуші едіңіз?
- Кім біледі, не болар ертеңіміз.
- Ой-санаңыз кім үшін алаңдайды?
- Әрине, Отан жайлы, Қоғам жайлы.
- Бар ма үміт елу беске толсаң да аға?
- Үміт көп қой, үмітсіз шайтан ғана!
- Шәкіртіңіз көп дейді Сіздің осы?
- Абайда өшпеу керек жырдың оты!