24.07.2022
  109


Автор: Төлеген Жанғалиев

Өкініш

Өлең де керексіз,
Өнер де керексіз,
Дегенге жеттіңіз, демек, сіз!
Ең соңғы адам ғып,
Ең сорлы жаман ғып,
Өмірден ендеше мені өткіз!
Кісі едім ұрысшыл,
Құс едім биікшіл,
Қанатым қайырылды ұша алмай.
Жүрегім біліп пе,
Жүдетті сүйекті ел,
Не артқа, не алға түсе алмай!
Ал кеттім ақылсыз,
Армансыз, пақырсыз,
Алдым-тар, артым-жар, жетім ем,
Өмірім татусыз,
Өткен соң шашусыз,
Өкінем, өкінем, өкінем..





Пікір жазу