24.07.2022
  121


Автор: Төлеген Жанғалиев

Құдай бізді ұмытты...

Құдай бізді ұмытты,
Ұмытатын жөні бар.
Халық едік иықты,
Қанатының желі бар.
Иығымыз түсті енді,
Қанатымыз кесілді.
Тіл тағы да тістелді,
Өңеш үнін өшірді.
Жеткеніміз осы ма,
Желпілдейміз жел сөзге.
Алаңдаймыз шошына,
Аяқ бассақ ертеңге.
Үміт болса-үзеңгі,
Күдік-кісен қоса жүр.
Білсең аяқ шіреуді,
Шідерді де тоса біл!





Пікір жазу