24.07.2022
  108


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қойсаңшы бұл қоғамды...

Қойсаңшы бұл қоғамды,
Бірі ластап, бірі ақтап адамды.
Көп әділдік көрге түсіп жоғалды,
Обалсыздар ел алдында ойран сап,
Оққа бұрын ұшып жатыр обалды.
Қойсаңшы бұл қоғамды,
Қодарды-адал, Қозы қылып-арамды,
Жауға жалтақ, азға қожа боп алды,
Үнін емес, мұңын жоқтап молда жүр,
Үнтаспаға жазып тастап азанды.
Қойсаңшы бұл қоғамды,
Бірде сынап, бірде нығап залалды.
Аққұлақтар бұзып болды ауамды,
Ажалсыздар қыл шылбырғы буынып,
Еврейлерге емделіп жүр ажалды.
Қойсаңшы бұл қоғамды,
Бақ пен сорға айналдырып базарды,
Қойыртпақ қып қойды мынау заманды,
Бұрынғыдай бұғып қалды төменгі,
Бұрынғыдай бұғалық сап жоғарғы.





Пікір жазу