24.07.2022
  144


Автор: Төлеген Жанғалиев

Құдай бізді ұмытты

Құдай бізді ұмытты,
Құлай сүйген пендесі ек.
Сейілте алмай күдікті,
Селт етпейді сөйлесек.
Өзімізде бар кінә,
Өлтіретін арам ғып.
Қанымызда қалды ма,
Қадырымыз адамдық?
Сөзімізде бұдыр жоқ,
Сөлсіз ауыз аусылдай.
Күлтөбеде күбір көп,
Күпілдейтін таусылмай.
Иланбайтын құранға,
Имам-бүгін баскесер.
Көрмей ме оны бұл Алла,
Көру керек, жоқ, бекер!
Құдай үйі мешітте,
Адам болса құрбандық.
Бала жатқан бесікке,
Бас сұқпайды имандық.





Пікір жазу