24.07.2022
  80


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ақталу

«Не жазып жүрсің» дейсің-ау,
Не жазып жүрмін-білмеймін.
Мыжғылап ойды мың сұрау,
Миымнан жауап іздеймін.
Күнімді өткен шотқа сап,
Күнпарақ маған күнде араз.
Түкке де келмес, жақпасақ,
Түнімен жазған мың қағаз.
Шимайдан табар шипам аз,
Шиырлап жүрмін ескі ізді.
Қаттырақ айтсам-жұрт араз,
Қаперсіз болсам көп күлді.
Не дейін, інім, мен саған,
Солықтап жүрмін сондықтан.
Тайбурыл жырға тамсанам,
Шабандоз құсап шаң жұтқан.





Пікір жазу