24.07.2022
  87


Автор: Төлеген Жанғалиев

Сауалы мен жауабы

«Қарасартов» кім дейді ұлым маған,
«Адам» деймін, кісідей ұғынбаған.
-Адам болса ол неге Шәкәрімді,
Атып ап құр құдыққа тығындаған?
-«Голощекин» кім дейді ұлым маған,
«Адам» деймін, кісідей ұғынбаған.
-Адам болса ол неге қазақ елін,
Аштыққа ұрындырып шығындаған.
-«Курчатовың» кім дейді ұлым маған,
«Адам» деймін кісідей ұғынбаған.
-Адам болса ол неге Абай жерін,
Атоммен тас – талқан ғып шыйырлаған...
Айтасың-ау, балашым, айтасың-ау,
Өмірде жауабы жоқ қанша сұрау.
Адамдарға адамның қаншасы – дос,
Адамдарға адамның соншасы жау!





Пікір жазу