24.07.2022
  101


Автор: Төлеген Жанғалиев

Жел – мінез

Ұйытқи соққан жел мінез,
Ұйытпады көңілді.
Елеуіштей енді көз,
Елейді өткен өмірді.
Қиыршық тас көп екен,
Қилы-қилы шақтарда.
Елде кеткен көп есем,
Ендігім де бассауға.
Жұрт қабағын бағам деп,
Жұтқа талай кезіктім.
Жақсыларға жағам деп,
Жантықтарға еріппін.
Жақсы болмас жантықсыз,
Жақсыда да өңеш бар.
Жүрегімді қалдықсыз,
Жүдетті аяз-қабақтар.
Тоңған жүрек жылымай,
Тоңазиды күндіз, түн.
Қаңтардағы шыныдай,
Шарт сынам ба, кім білсін!





Пікір жазу