24.07.2022
  134


Автор: Төлеген Жанғалиев

Бет қызылсыз, бел бүкір...

Бет қызылсыз, бел бүкір,
Бедел алмас, енді тіл.
Сөз ұқпайды ешкім де,
Сөйлеме ауыз, сөз түкір!
Анасына қыз мазақ,
Әкесіне ұл да жат.
Жындандырып барады,
Жылым құсап жынды арақ.
Кімге берем батаны,
Кім құлағын тосады?
Уысында інінің,
Ағасының сақалы.
Атасының шекесін,
Келін жарса не етесің?
Жарты жолға тастап жүр,
Күйкеу бала шешесін.
Арлы сөзді сүймеген,
Ақыл айтам кімге мен?
Осыны ойлап түнімен,
Шыққандаймын түрмеден...





Пікір жазу