24.07.2022
  246


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қансонар

Аңшының қолын ысқызып,
Аңдарға зәрін ішкізіп.
Қансонар қарын жауып тұр,
Қабағы сұп-сұр, сұсты бұлт.
Айнала түгел ақ қағаз,
Аңшы да бұған ат та мәз.
Таң асып тұрған тазы итке,
«Бас» деуден басқа жоқ та лаж.
Ақ қарға айдай басылған,
Өз ізі өлім шақырған.
Аң екеш аң да зым-зия,
Ажалды сезіп шошынған.
Біреуге рахат, қызық, шат,
Біреуді кетер қырып сап.
«Қансонар» деген тәтті сөз,
Қансорар жанға тұр ұқсап!





Пікір жазу