24.07.2022
  115


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ініге кеңес

Ренжіме, бауырым, ренжіме,
Сөйтіп жанды жаралар бұл ел міне.
Қарсы алады шылбырға оратылып,
Тас кенеше жабысып үзеңгіге.
Үш жығылып, алдыңда үш тұрады,
«Жаны бірге жанбыз» деп ұқтырады.
«Тақтан» тайып кеттің бе, тас атады,
Танымайтын жауың боп ықтырады.
Дейсің-ау, адамшылық сонда қайда,
Ондай озық ойыңа ол қарай ма?
Құр құдыққа құлаған құланның да,
Құлағында құрбақа ойнамай ма?
Жілік құсап шағылмай жігіт басы,
Аян оның адам боп сыр ұқпасы.
Жүре берсін, қайтесің, таптай салма,
Тамақ тауып өмірдің құмырсқасы.





Пікір жазу