24.07.2022
  88


Автор: Төлеген Жанғалиев

Бұл өмірдің несі қалды мен үшін...

Бұл өмірдің несі қалды мен үшін,
Артым-жайлау, алдым-күзек өрісім.
Жалаңаяқ тасты үгіткен табаным,
Кәріліктің киді бүгін кебісін!
Соның өзі аяққа ауыр сезіліп,
Созалаңдап әрең тұрам ерініп.
Шалып қалып мәз болады немерем,
Шабан аттай келе жатсам тебініп.
«Күлсең күл,- деп жатушы еді кәріге»,
Күлкі болдым үй ішінің бәріне.
Құдай қосқан қосағым да тыржиып,
Бірдемеге өкпелейді әлі де...





Пікір жазу