24.07.2022
  121


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қадірімді түсінбесең, түсінбе...

Қадірімді түсінбесең, түсінбе,
Қабіріме жолай көрме, өтінем.
Өмір бойы келе алмадық бітімге,
Өлгеннен соң неменеге кешірем.
Кешірімнің керегі не, өліге,
Жансыз жанда қайдан болсын қас-қабақ.
Мен өкінсем, өкінемін өзіме,
Өмір бойы келген сені дос санап.
Оң қолыммен ас асатып аузыңа,
Сол қолыммен балдай қымыз жұтқыздым.
Тек өзімде, тек өзімде, бар кінә,
Тек өзімнің ойларыма тұтқынмын!
Саған қояр саппас досым кінә жоқ,
Сана, ойың соған жетсе не шара?
Алдымыздан тосқан кезде қиямет,
Алла өзі бөліп берер шекара...





Пікір жазу