24.07.2022
  76


Автор: Төлеген Жанғалиев

Осы жұрт біле ме екен қандаланы....

Осы жұрт біле ме екен қандаланы,
Қанша сорса, қанбайтын қанға жаны.
Табиғат жәндігінен құп-құртымдай,
Жамиғат қандаласы зор болады.
Бірінің қан болған соң бар тамағы,
Қашан өліп түскенше қан сорады.
Екіншісі жабысып ел үстіне,
Езуінен қан ағып, мал табады.
Айырма жоқ, жыртқыш қой екеуі де,
Елдің қанын толтырған бөтегіне.
Қол жиып «қой» дей алмай отыр халық,
Қоғамның жайлап кеткен кеселіне!
Кеселді кесіп тастар қайда қайран,
Жемқорлық жердің бетін жайлап алған.
Адамның қандаласы ең қауіпті,
Арқаңнан қан соратын қандалаңнан.





Пікір жазу