24.07.2022
92
«Тәңіріме тәубә» деп...
«Тәңіріме тәубә» деп,
Тәуекелге көп бардым.
Одан басқа жол да жоқ,
Олжасына көкпардың!
Көкпар – өмір, қан майдан,
Жан алысып, жан берген.
Алпыс жылғы «айғайдан»,
Аза болған нар кеудем.
Адал бола білдім бе,
«Адам» деген атыма.
Осы сұрақ бұл күнде,
Қан құяды басыма.
Өзімді-өзім сынасам,
Өзгешем жоқ өзгеден.
Бір кісідей жыласам,
Бір кісідей сөйлегем.
Жыр жазғаным артық па?
Жыр жазбайды бүгін кім?
Бір өлеңім-мансұқта,
Бір өлеңнен түңілдім.
Төрт құбылам түп-түгел,
«Төрде жүрдім» дей алман.
Тәубамызға түстірер,
«Тәрк» етпе, ей, Аллам...